Алматылықтарға аптап ыстықта пана болатын, су жағалары белгіленді
сцркт:
Шомылу маусымының басталуына да санаулы күндер қалды. Осы орайда Алматы ТЖД аталмыш кезеңге дайындықтары мен қауіпсіздік ережелері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы егжей-тегжейлі қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ануар Юсупов айтты.
Оның айтуынша, Алматыда және тау бөктеріндегі аудандарда 44 су айдыны (өзендер, көлдер, каналдар, тоғандар) бар.
Олардың тоғызы шомылу маусымы кезінде халыққа қауіп төндіреді:
- Үлкен Алматы өзені Шаңырақ ш/а және Дархан ш/а - Алатау ауданы;
- Үлкен Алматы өзені Дархан ш/а - Алатау ауданы;
- Үлкен Алматы өзені (Әл-Фараби – Науаи) – Бостандық ауданы;
- Первомайский тоғандары Кемел ш/а - Жетісу ауданы;
- Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрылыс) – Медеу ауданы;
- Юннатское көлі - Медеу ауданы;
- Ақсай өзені - Наурызбай ауданы;
- Әуежай көлі -Түрксіб ауданы;
- Қарасу өзенінің саласы - Түрксіб ауданы.
Сондай-ақ әкімдік суда демалуға арналған төрт орынды белгіледі:
- Сайран көлінің батыс және шығыс бөлігі;
- "Гүлдер" демалыс аймағы;
- Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойындағы Баум тоғайы жағажай аймағы.
"Сайран көлінде іргелес аумақты абаттандыру жүргізілуде, абаттандыруды аяқтау 2025 жылдың мамыр айында жоспарланған. Ағымдағы жылы күрделі жөндеуге байланысты Үлкен Алматы каналын сумен толтыру жоспарланбайды".Ануар Юсупов
ТЖД қарапайым ережелер туралы еске салды:
- балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз;
- тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған басқа жерлерде шомылыңыз;
- жүзе алмасаңыз, белден жоғары суға түспеңіз;
- шомылу кезінде бір біріңізді жоғалтпаңыз;
- қалқымалар мен қоршау белгілері тақтайшаларынан алыстап кетпеңіз, жағадан алыс жүзбеңіз;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- түнде шомылмаңыз.
"Алматы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сондай – ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауды ұсынады", - деп қорытындылады ведомство.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript