Сауд Арабиясы шөл далада тау шаңғысы курортын салмақ

Сауд Арабиясы шөл далада тау шаңғысы курортын салмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2025 12:55 Сурет: The Vault / NEOM
Сауд Арабиясының сәулетшілері The Vault ("Қойма") деп аталатын құрылыс жобасының анимациясын таныстырды. Жобаға сәйкес, бұл Тройена шөлінің орталығындағы тау шаңғысы курорты болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпфункционалды кешен тау шатқалында салынады. Оның биіктігі – 198 метр, ені – 253 метр, ал ұзындығы – 864 метр болмақ. Жалпы аумағы – 200 мың шаршы метрді құрайды.

Сурет: The Vault / BUJV

The Vault жобасының құрылымы көлденең орналасқан зәулім ғимарат — "Айна сызығы" жобасын еске салады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін америкалық әйелдің жасанды интеллект көмегімен жүкті болғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: