Қазақстанға халықаралық экспедиция келді: ол қай қалаларға барады

Қазақстанға халықаралық экспедиция келді: ол қай қалаларға барады , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 09:38 Сурет: Туризм және спорт министрлігі
"Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясы Қазақстандағы бағдарламасын Ақтөбе облысынан бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің ақпаратынша, "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясы Мәскеу қаласынан басталған. Екі ай ішінде қатысушылар 8 мың шақырымнан аса жол жүріп, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі 30 қалаға барады.

Бағдарламаның алғашқы күнінде қатысушылар Ақтөбе қаласында болып, өңірдің мәдениетімен, дәстүрімен танысты. Делегация құрамы Мартөк ауданындағы панто-емдік санаторийге барып, табиғи емдік ресурстар мен сауықтыру туризмі бағытындағы мүмкіндіктерге қанықты.

Келесі күні экспедицияның ресми ашылу рәсімі өтті. Қатысушылар этномәдени іс-шараларға қатысып, этноауыл экспозициясын аралады. Сондай-ақ киіз үйдің сәулетімен, салт-дәстүрмен, қолөнер бұйымдарымен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан аумағындағы маршрут елдің оңтүстігі мен батысындағы негізгі мәдени және туристік бағыттарды қамтиды. Олардың қатарында Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз және Алматы қалалары бар.

Бұған дейін ҰБТ кезінде 400-ден астам бұзушылық тіркелгендігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: