Алматылық тау сүйер қауым үшін әйгілі Фурманов шыңындағы әткеншекке қатысты жағымды жаңалық хабарланды

Алматылық тау сүйер қауым үшін әйгілі Фурманов шыңындағы әткеншекке қатысты жағымды жаңалық хабарланды , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 13:32 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда әйгілі Фурманов шыңындағы әткеншек жаңғырту жұмыстарынан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 16 қыркүйекте Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

"2 524 метр биіктікте орналасқан Іле-Алатау ұлттық паркінде Алматының ең танымал орындарының бірі қайта жаңғыртылды. Фурманов шыңының етегіндегі әткеншек ежелден таудағы серуен мен ұмытылмас әсердің символына айналған".

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік енді әткеншек бұрынғыдан да ыңғайлы, қауіпсіз әрі экологиялық кейіпке енгенін айтты.

"Тіреулері бекітіліп, құрылымы жаңартылды; Жаңа орындықтар орнатылды, ол 500 кг дейін салмақ көтереді. Сондай-ақ, аумақ көркейтілді, демалуға арналған орындықтар мен шағын сәулеттік нысандар қойылды",- делінген ақпаратта.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы туризм басқармасының мәліметінше, нысан өзінің рухын сақтай отырып, қонақтар үшін бұрынғыдан да жайлы бола түсті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Алматы мен Алматы облысындағы туризм әлеуетіне тоқталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: