Ұлттық ұлан қызметкерлеріне жағымды жаңалық хабарланды

Ұлттық ұлан қызметкерлеріне жағымды жаңалық хабарланды , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 16:12 Сурет: Instagram/egov.kz
Ұлттық ұлан қызметкерлері үшін қызмет орнынан анықтама алу енді онлайн форматта қолжетімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 8 шілдесінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді.

"Енді ІІМ Ұлттық ұланының қызметкерлері eGov.kz порталы арқылы қызмет орнынан анықтаманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифрлық қызмет небәрі бірнеше минут ішінде ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді",- деп жазды ведомство.

Бұл ретте, қызмет тегін ұсынылатындығы және тек ҚР Ұлттық ұланының қызметтегі әскери қызметшілеріне ғана қолжетімді екені атап өтілді.


"Өтінім толтырылған кезде қызметкердің қызмет орны туралы деректер ақпараттық жүйелер арқылы расталса, анықтама автоматты түрде қалыптасады және өтінімнің мәртебе бетінде жүктеу үшін қолжетімді болады. Егер өтініш беруші ҚР Ұлттық ұланының қатарында болмаса, жүйе себебін көрсете отырып, бас тарту туралы жауап береді. Құжаттың қолданылу мерзімі – 10 күнтізбелік күн",- делінген ақпаратта.

Қызметті алу схемасы төменде көрсетілген:

Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: