VIP нөмірлерді қалайтын қазақстандықтарға жағымды жаңалық хабарланды
Фото: gov4c.kz
2026 жылғы 5 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ "ЦОН" мобильді қосымшасындағы жаңа қызмет туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, енді азаматтар "VIP" мемлекеттік нөмірлерге өтінімді үйден шықпай-ақ рәсімдей алады.
"Қызметті пайдалану бірнеше минутты ғана алады: қолданушы "ЦОН" қосымшасында қалаған нөмір мен серияны енгізеді, ал өңір өтінім берушінің тіркелген мекенжайына сәйкес автоматты түрде анықталады. Жүйе бірден таңдалған комбинацияның бос немесе бос емес екенін көрсетеді. Егер нөмір бос болса, азамат бірден төлем жасап, дайын нөмірді алу үшін өзіне ыңғайлы бөлімшені таңдайды. Таңдалған комбинация бос болмаса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады",- деп мәлімдеді ведомство.
Жаңа сервистің іске қосылуы цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы тағы бір қадам болып, азаматтарға қызмет алуды барынша ыңғайлы етуге бағытталғаны атап өтілді.
Бұған дейін қазақстандықтарға берілетін несиелер өсімі бәсеңдегенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript