Құжат рәсімдеуге қатысты жұмысы көп қазақстандықтарға жағымды жаңалық айтылды

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 14:57 Фото: freepik
2026 жылғы 26 ақпанда Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ баспасөз қызметі ХҚКО, соның ішінде мамандандырылған орталықтарда жұмыс істейтін әрі үйге барып қызмет көрсетуді қамтитын "Жеке менеджер" сервисі туралы жан-жақты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың түсіндіруінше, қызметті алу үшін кез келген ХҚКО-дағы немесе мамандандырылған орталықтағы тіркеу сөресіне жүгіну жеткілікті. Жеке менеджер өтініш беруден бастап дайын құжатты алғанға дейін барлық кезеңде сүйемелдейді.

Қызмет құны:

  • қарапайым ХҚКО-ларда – 5 697 теңге;
  • мамандандырылған орталықтарда – 6 306 теңге;
  • үйге барып қызмет көрсету – 7 447 теңге.
"Өтінімді мемлекеттік корпорацияның сайтындағы "Азаматтарға арналған қызметтер" бөлімінде немесе 1414 байланыс орталығы арқылы беруге болады. Өтінім расталғаннан кейін оператор клиентпен хабарласып, қызмет көрсету шарттарын нақтылайды", – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Аталған сервис әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналарға, кәсіпкерлерге, егде жастағы адамдарға және жұмыс кестесі тығыз азаматтарға ыңғайлы.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға басқа қалаға көшкен кезде автокөлікті тіркеу тәртібі түсіндірілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: