Алматыда туризм саласынан түсетін салық түсімі 13%-ға өсті
Сурет: Алматы әкімдігі
Туризм саласы Алматы экономикасына қосатын үлесін жыл сайын арттырып келеді. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында туризм саласы кәсіпорындарынан жергілікті бюджетке 30,4 млрд теңге көлемінде салық түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Туризм басқармасының өкілдерінің айтуынша, аталмыш салық түсімі 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп.
Басқарма мәліметінше, салық түсімдерінің негізгі бөлігін қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық индустриясы, қонақ үйлер, туристік компаниялар және жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар қамтамасыз етті.
Бұған дейін германиялық саяхатшы Қазақстанның сұлу табиғатын әлемге паш еткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript