ҚР ИИДМ басшысы Румыния Парламентінің бір топ депутатымен кездесті
Министр Румыния парламентшілерін экспорттық және импорттық операциялар кезіндегі көлік және логистика, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларымен, сондай-ақ инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстырды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тікелей жүк және жолаушылар әуе бағыттарын ашу жайын талқылады.
Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Келіссөз соңында тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
2021 жылдың 10 айында Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 39% артып, 1,4 млрд АҚШ долларына жетті (2020 жылдың бұл кезеңінде 1,1 млрд АҚШ доллары болған).
Қазақстанда Румын капиталының қатысумен 24 компания тіркелген. Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 17 заңды тұлға жұмыс істейді. Румыниядан Қазақстан экономикасына салынған инвестиция – 1,57 млрд АҚШ доллары (2005 жылдан 2020 жылға дейін).