Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда паспорт парағын көбейту ұсынылды

Паспорт ауыстыру, қосымша парақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 16:03 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне ҚР азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерінің төлеміне қатысты түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Шетелге жиі шығатын қазақстандықтарға 48 парақтан тұратын паспорт беру ұсынылады.

Тиісінше, мұндай паспорттың құны арзан емес, 12 АЕК болады. Бұл шамамен 53 мың теңге. Ал кәдімгі төлқұжаттың құны – 8 АЕК.

Жыл сайын паспорт алу үшін шамамен 600 мың ҚР азаматы өтініш білдіреді, оның ішінде визаға арналған беттерді пайдалануға байланысты орташа есеппен 561 адам құжатын ауыстырады екен. ҚР ІІМ

Сонымен қатар, 16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін арзандату және паспорттағы беттерді 22 параққа дейін азайту жоспарлануда.

Бұл норма Қазақстандықтардың отбасылық бюджетіне түсетін жүктемені азайту үшін ұсынылады.

Бұдан бөлек, жеке куәлікті бір жылдың ішінде екі рет жоғалтқандарға куәлік алу құнын 1 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылады.

Куәлікті алғаш алған кезде мемлекеттік баж өзгеріссіз қалады — 0,2 АЕК (583,40 теңге).

Құжатты әзірлеушілер атап өткендей, жеке куәлікті алуға бір жылдың ішінде екі реттен артық өтініш білдірген азаматтардың өсу үрдісі байқалады, бұл құжатқа ұқыпсыз қараудан. Ал бір жеке куәлікті дайындауға мемлекеттен 4533,21 теңге шығын шығады, бұл азаматтардың өздерінен түсетін баждан (0,2 АЕК немесе 583,4 тг) бірнеше есе көп.

Түзетулер 17 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: