Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасын құру бағдарламасы әзірленді

Биометриялық сәйкестендіру платформасы, бағдарлама, ұлттық банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2021 10:53 Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ "2021-2024 жылдарға арналған ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасын құру бағдарламасын бекіту туралы" қаулы әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Бағдарлама азаматтарды бірыңғай Ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасының жұмыс істеу қағидаттарын, оны құру тәртібі мен уақыт кезеңдерін, құзыреттер мен жауапкершілікті бөлуді, сондай-ақ осы платформаның тиімді жұмысын құру және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттайды.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Мемлекет ауқымында цифрлық сервистердің енуін кеңейту және толық цифрлық форматтағы мемлекеттік, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің қолжетімділігін арттыру

  • Цифрлық сәйкестендіру процесінің барлық қатысушылары үшін дербес деректермен жедел және қауіпсіз алмасуды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету

  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қауіпсіздікті арттыру және дербес деректерді бақылауды қамтамасыз ету

  • Экономика салаларын цифрлық дамытуды ынталандыру

    Бағдарлама үшінші тұлғаларға жеке деректерге қол жеткізуге келісімді интерактивті басқару мүмкіндігін береді.

    Халықаралық тәжірибеде цифрлық сәйкестендіру жүйелерін қолдану саласы үнемі кеңейіп келеді және қазіргі уақытта мыналарды қамтиды:

    1. қаржылық инклюзивтілікті қамтамасыз ету, азаматтардың қаржылық қызметтер мен қаржылық-технологиялық инновацияларға қолжетімділігін кеңейту;

    2. әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерді қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер мен қолдау көрсету;

    3. еңбекке қабілетті халықты, жұмыс күшінің өңірлік және салалық ағындарын есепке алуды қоса алғанда, еңбек және көші-қон саясаты;

    4. көлеңкелі секторды қысқарту және салықтардың жиналуын арттыру;

    5. меншік құқығын, басқа экономикалық, әлеуметтік және азаматтық құқықтарды растау және қорғау;

    6. құқықтық тәртіпті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқалар.

      Бағдарлама 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: