Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде педагогтардың, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Жалақы өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2022 11:41 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда педагогтардың, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстанда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтар мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%-ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30%-ға өсті.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2020 жылдан бастап шамамен 600 мың педагогтің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру, ал 2021 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 21 мың жұмыскердің лауазымдық жалақысы 25%-ға арттырылды.

Жалақының өсуі өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ), үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға өсті. Сондай-ақ, 2021 жылы әкімшілік және қосалқы персоналдың, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін лауазымдық жалақыдан 30%-дан 40%-ға өзгерту арқылы арттырылды.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Биыл 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталып, ол 591 мың адамға әсер етеді. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есе артады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: