Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда кірме жолдарды ұсыну қызметтерінің тарифтері төмендетіледі

Тариф, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2022 19:31 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Биылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кірме жолдарды ретке келтіру бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр кірме жолдар саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізуді, қызметтер құны бағасының белгіленуін талдауды және тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Мәселен, биылғы 1 ақпаннан бастап еліміздің бірқатар өңірінде (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары) кірме жолдарды берумен айналысатын 21 субъектінің тарифтері орта есеппен 80%-ға төмендеді.

Сондай-ақ Павлодар облысында кірме жолдар қызметтерін ұсынатын «ARMAN KALA LTD» ЖШС тарифтері 93%-ға (1741,53 теңге/вагон*км-ден 118,07 теңге/вагон*км-ге дейін) төмендетілді. Бұл шара Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары үшін отынның негізгі жеткізушісі «Богатырь Көмір» ЖШС көмірінің құнына оң әсер етеді.

Сонымен қатар объективті баға белгілеу мақсатында еліміздің негізгі теміржол объектілерінде орналасқан кірме жолдардың ірі баланс ұстаушысы «Көлік сервисі орталығы» АҚ (2117,98 теңге/вагон*км-ден 164,29 теңге/вагон*км-ге дейін) тарифтері 92%-ға төмендеді.

Тарифтер осы жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталған шаралар көлік шығыстарына және тауарлардың, оның ішінде азық-түлік өнімдерінің түпкілікті құнына оң әсер етеді.

Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы одан әрі жалғасын табады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: