Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Вице-министр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 12:39 Сурет: primeminister.kz
Сонымен қатар ол ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқаратын болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист-дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған.

  • 1997-2004 жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген.

  • 2004-2014 жылдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында жетекші маманнан бастап төрайымға дейін түрлі лауазым атқарған.

  • 2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары болды.

  • 2014-2017 жылдары - ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.  2017 жылы ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2017-2020 жылдары ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.

  • 2020 жылғы 23 маусымнан бастап бүгінге уақытқа дейін ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: