Көлік және логистика саласында туындаған мәселелер бойынша жедел штаб құрылды
Сурет: pixabay
Еуропалық одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасында жағдайдың шиеленісуіне және халықаралық көлік тасымалы саласында туындап жатқан проблемаларға байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдері жедел штабты министр Қайырбек Өскенбаев басқаратынын мәлімдеді.
Жедел штаб кәсіпкерлік субъектілеріне және автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігімен атқарылатын халықаралық жүк тасымалдарына қатысушыларға көмек көрсету және ақпараттық қолдау үшін құрылды. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Осыған байланысты ҚР ИИДМ Ахуалдық орталығы базасында жедел желі ашылды. Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа: +7 708 088 0800; +7 (7172) 98-35-35 нөмерлері бойынша хабарласуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript