Қазақстанда интернеттің толығымен өшу қаупі төніп тұрған жоқ – министр
Сурет: pixabay
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық желіден ажыратылған жағдайда Қазақстандағы интернетке байланысты туындауы мүмкін мәселелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біріншіден, бұл – қауесет. Екіншіден, Қазақстанның Ресей арқылы ғана емес, одан басқа түрлі тораптары бар. Қазақстанға интернеттің толықтай өшу қаупі төніп тұрған жоқ. Бұған алаңдаудың қажеті жоқ.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек
Мәжіліс алаңында журналистер вице-министрден байланыс нашарлауы мүмкін бе, соны сұрады.
Менің ойымша, олай емес. Өйткені Қытаймен байланысымыз бізге Еуропадан келетін трафикті алуға мүмкіндік береді. Біз барлық тәуекелдерді қарастырдық және бүгінде Қазақстан үшін интернетке қатысты елеулі проблемалардың қаупі жоқ екенін түсіндік.Асхат Оразбек
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript