ҚР ИИДМ қатты пайдалы қазбалардың барлық кен орындарына тексеру жүргізіп жатыр

ҚР ИИДМ, кен орындары, тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 22:27 Сурет: pixabay
Осы жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша міндеттемелерді орындау деңгейі төмен 148 келісімшарт анықталып, 31 келісімшартты және 3 лицензияны бұзу бойынша шара қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомсто өкілдерінің мәлімдеуінше, бұзылған келісімшарттар мен лицензиялар бойынша кен орындары аукционға шығарылады. Тиісті ақпарат ҚР ИИДМ интернет ресурсында, сондай-ақ республикалық БАҚ-тарда жарияланады.

Тексеру барысында жаңа өндірістер құру бойынша қосымша міндеттемелер қабылдауға қатысты жүйелі түрде толық қаржыландырылмаған келісімшарттардың құқықтық мирасқорларына – инвесторларға ерекше назар аударылады.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

ҚР ИИДМ келісімшарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудың мысалы ретінде «KAZSILICON» ЖШ-сын келтірді. Бұл кәсіпорын осы айда жылдық қуаты 6 мың тонна болатын жоғары сапалы техникалық кремний өндіретін зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 3,9 млрд. теңгені құрап, зауытта 200 жұмыс орны ашылады. Өнім әлемнің 20-дан астам еліне экспортқа шығарылып, жоғары сапалы техникалық кремнийдің әлемдік нарығында жетекші орын алуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру кезінде қазақстандық қамту көлемі 80%-дан асады.

Сондай-ақ қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын тексеру барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында екені айтылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: