Мүгедектік жөніндегі әлеуметтік жәрдемақының мөлшері қанша – Еңбекмин жауап берді
1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 69,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде 2022 жылдың ақпан айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,3 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 7,4 млрд теңге жұмсалды.ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
Ведомствоның хабарлауынша, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 527,4 мың адамға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171,9 мың адамға жеткен.
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
Министрлік таратқан мәлімет бойынша 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 51 731 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 268 теңге болды.