Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу енгізілді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан 15 сәуірден бастап астық пен ұнның экспортына шектеу қояды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші вице-министр Қазақстанда жыл сайын шамамен 3 миллион тонна ұн өндірілетінін, бірақ оның жартысы экспортқа шығарылатынын айтты.
Ішкі нарықта тапшылықтың туындауын және ұн тартатын зауыттарды тиеуді болдырмау үшін 2022 жылғы 1 сәуірдегі ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортына квоталарды енгізу туралы шешім қабылдады. Бидайға квота көлемі – 1 млн тонна, ұнға – 300 мың тонна.Айдарбек Сапаров
Сонымен қатар ішкі нарықтағы нақты жағдайды бағалау мақсатында министрлік Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердегі бидайдың қолжетімділігін түгендеу жұмысын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін ведомство елдегі астық тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарған еді. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда 6,4 миллион тонна астық бар және бұл көлем ішкі қажеттіліктерді өтеуге, сонымен қатар астықтың бір бөлігін экспортқа жіберуге жеткілікті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript