Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда IT-компаниялар үшін жеңілдіктерді кеңейту ұсынылды

Үкімет, ҚР премьер-министрі, IT-компаниялар, жеңілдік, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 09:49 Сурет: pixabay
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсында жарияланғандай, отырыстың күн тәртібінде IT-саласын қолдау және дамыту мәселесі талқыланды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, министрлік қалыптасқан жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізіп жатыр және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, отандық ақпараттық технологиялар саласын қолдау бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі.

Атап айтқанда, IT-мамандарына әскери қызметті кейінге қалдыру, отандық IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдікті кредит беру, «Astana Hub»-та эксаумақтылық қағидаты бойынша салық преференцияларының қолданылуын 2029 жылға дейін ұзарту ұсынылады.ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық танытатын IT-мамандарынан келіп түсетін сауалдарға жедел жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері кірді.

Жұмыс тобының қызметі аясында Қазақстанға келуге мүдделі компаниялармен қарым-қатынас жолға қойылған. Өзекті ақпаратты алу үшін елге кіру, тұру және компания ашу туралы, сондай-ақ IT-саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық нұсқаулықтары бар веб-сайт құрылды. Әлеуметтік желілерде қатысушылар бизнесті жүргізуге қатысты сұрақтарға шұғыл түрде жауап ала алатын топ құрылды. IT-компанияларды көшіру кезінде қолдау көрсететін бейінді ведомстволармен жұмыс ретке келтірілді.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мүдделі мемлекеттік органдармен аталған қолдау шараларын пысықтауды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: