Цифрлық платформаны құруға қазақстандық IT-компаниялар тартылады
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин біртұтас цифрлық үкімет платформасын әзірлеуге неліктен қазақстандық IT-компанияларды тарту туралы шешім қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Платформа көптеген компоненттерден тұрады. Қазір біз тұжырымдама әзірлеп жатырмыз, оны жүзеге асыруға отандық мамандар қатысады. Егер біздің мамандар кейбір құрамдас бөліктерді енгізе алмаса немесе қиындықтар туындаса, міндетті түрде бізге қажетті компоненттері бар халықаралық платформаларға жүгінеміз. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Мусин бұл мәселе бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жанынан сараптамалық кеңес құрылғанын айтты.
Қазақстандық мамандар мен отандық мемлекеттік мекемелерді тарта отырып, елімізге қажет нәрсені жасаймын. Бірақ мен қазақстандық платформаны жасауға көмектесу үшін шетелдік сарапшыларды тарту мүмкіндігінің терезесін жаппаймын. Бағдат Мусин
15 сәуірде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірыңғай цифрлық үкімет платформасын әзірлеуге қазақстандық IT-компанияларды тарту туралы хабарлады.
Бұған дейін Қазақстанда жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін ресейлік «Сбер» компаниясы таңдалған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript