Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды

үкімет отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 18:26 Сурет: primeminister.kz
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс барысында үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін мұқият қадағалап отырғаны айтылды.

Отандық компаниялардың одан әрі дамуы және әкімшілік жүктемені төмендету үшін бірқатар жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылады.

Осылайша мемлекеттік сатып алу аясында өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға (логистикалық дәліздердің жабылуы, жеткізілімдердің уақытылы орындалмауы және т. б.) тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау ұсынылады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін сақтандыру сыйақыларын мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайту ұсынылады.

Сонымен бірге елімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін кеңейту туралы ұсыныс қолдау тапты.

ҚР премьер-министрі ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: