Жаңалықтар тізбегі
0

Ильин Түркістан облысындағы су тасқынынан кейінгі жағдайды мәлімдеді

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 14:39 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Түркістан облысында су алған аудандардың тұрғындарына өтемақы төлеу үшін шығын көлемі есептеліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
24-25 сәуір аралығында Түркістан облысында қатты жаңбыр жауды. Толассыз жауған жауын-шашын салдарынан Қазығұрт және Сарыағаш өңірлерінің аумағында ағынсу бастауы пайда болды. Бірінші ауданда төрт елді мекен, екіншісінде бір елді мекенді су алды. 19 жеке үйді, 51 ауланы, 16 шаруашылық ғимаратын, бір дәмхананы су басты. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин

Юрий Ильиннің айтуынша, су ағыны шаруашылық құрылыстарын жартылай қиратып, 370-ке жуық ірі қара мал өлген. Министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкім облыстық ТЖД-мен бірге су алған аумақтың үстінен ұшып өткенін де атап өтті. Су басқан аудандардың тұрғындарына жөндеу жұмыстарына кеткен шығын мен мал шығыны өтеледі.

Қаражат жетпесе, қажет болса, республикалық бюджеттен бөлуді қарастыруға дайынбыз. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, жағдай тұрақталып келеді. Юрий Ильин

Сәуірдің 24-і күні Қазығұрт және Сарыағаш аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының Кентау қаласында нөсер жауын салдарынан табиғи апат болды. Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың 100-ден астам қызметкері, 15 техника мен 13 мотопомпа жұмылдырылды. Тиісті жұмыстың нәтижесінде су сорылып, арықтар тазартылды.

Төтенше жағдай салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Алдын ала болжам бойынша, 53 ауланы, 19 үйді, бір тойхананы және 16 шаруашылық құрылысты су басқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: