Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет жанындағы комиссиялар саны екі еседен астам қысқартылды

Кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 19:22 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 19:22

Сурет: primeminister.kz

Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік органдарды нәтижелі жұмысқа, азаматтарды толғандыратын мәселелерді тиімді әрі сапалы шешуге бағыттауға мүмкіндік береді. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Мәселен, бүгінгі таңда Үкімет қаулысымен комиссиялар саны 70-тен 25-ке дейін қысқартылды.

Осындай жұмыстар министрліктерде де жүзеге асады. Құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқартатын, сондай-ақ норма шығару процесін қайта құратын Үкіметтің жаңа регламенті әзіленіп жатыр. Регламенттің жаңа редакциясы жақын арада бекітіледі. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар Үкімет басшылығының қолданыстағы тапсырмалары тексеріліп жатыр. Маңыздылығын жойған және қайталанатын тапсырмалардың барлығы алынып тасталады.

Сондай-ақ «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және бюрократиядан арылту жөніндегі ұсыныстарды жинайтын онлайн-ресурс құрылады.

Іс-қимыл жоспары өте қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Барлық тармақтың орындалу сапасына назар аударуды сұраймын. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов

Үкіметтегі жиын, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 19:22

Сурет: primeminister.kz

Ол атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың жұмысын едәуір жеңілдетіп, қоғам үшін барынша тиімді әрі ашық болуы тиіс екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: