Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңілдетілген автонесие: бір күнде қанша өтініш түсті

ҚР ИИДМ, автонесие, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы, несие, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 12:56 Сурет: freepik
ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасы іске қосылғалы халықтан қанша өтініш айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Кешеден бастап өтініш қабылдауды бастадық. Екі банк – ЦентрКредит пен Eurasian Bank автонесиеге өтініш қабылдауды бастады. Орта есеппен екі банкке 2200-ден астам өтініш қабылданып, қазір ол өтініштер қаралып жатыр. Қалған банктер бойынша, кеше әріптестеріп атап өткендей, корпоративтік процедуралар жүріп жатыр. Ол банктер жақын арада бұл процедуралар аяқталғаннан кейін іске кіріседі. ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков

Оның айтуынша, «ЦентрКредит» бір күнде 1000-ға жуық, ал Eurasian Bank 1200-ге жуық өтінішті қабылдады. Сонымен қатар ForteBank пен Halyk Bank автонесие беруге рұқсат алды.

Сапарбеков атап өткендей, басқа банктер де жақын арада Индустрияны дамыту қорынан келісім алып, несиелеуді бастайды.

Несиеге автокөлік сатып алу үшін шотты алып, банкке бару керек. Банктің мақұлдау бойынша өз процедуралы бар. Олар бірқатар мәселелерді қарастырады: әл-ауқаттың келуі, несиенің болу-болмауы, басқа да міндеттемелер. Банктен рұқсат алғаннан кейін ғана автокөлікті алуға болады. Олжас Сапарбеков

Еске салсақ,16 мамырдан бастап банктер жеңілдетілген автонесие бере бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: