Жаңалықтар тізбегі
0

Сұйытылған газ бағасын бақылау мақсатында қандай шаралар атқарылып жатыр

Сұйытылған газ бағасын бақылау мақсатында қандай шаралар атқарылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 13:13 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының айналымын бақылайды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2022 жылдың қаңтарында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге 180 күнге мемлекеттік баға реттеуін енгізгенін еске салды.

180 күннен кейін газ бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін Энергетика министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп ішкі нарықта сатылатын сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауға алады, – деп мәлімдеді Болат Ақшолақов мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Сондай-ақ ол «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға түзетулер пакеті әзірленгенін айтты. Сол бойынша Энергетика министрлігі сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасын белгілей алады.

«Кейбір заңнамалық актілерге Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы негізінде заңнамаға тиісті түзетулер әзірленіп, Мәжіліске жіберіледі.

Қазіргі уақытта үкімет бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және сұйытылған газға, оның ішінде қор биржалары арқылы алыпсатарлық бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша жүйелі шараларды әзірлеп жатыр. Мемлекеттік органдардың бөлшек сауда бағасын реттеу тетігінің болмауына байланысты бағаның көтерілуінің белгілі бір тәуекелдері бар, – деді Энергетика министрлігінің басшысы.

Министрдің айтуынша, газ көлемінің тапшылығының басты себептерінің бірі – көлеңкелі экспорт. Ал қазіргі таңда сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы айналымы мен оның экспортын жедел бақылауға министрліктің құзыры жоқ.

Осыған байланысты министрлік сұйытылған мұнай газын тасымалдауға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу үшін қажетті тауарлар тізбесіне енгізу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанда сұйытылған мұнай газын сататын жанармай құю бекеттерінде бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) болуына талаптарды күшейтіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: