Смайылов Қонаев қаласында Алматы облысы мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты
Сурет: Telegram/Kzgovernment
Сенбі, 11 маусымда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қонаев қаласына барып, Алматы облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Алматы облысының әкімі лауазымына Батыржан Байжұманов пен Марат Сұлтанғазиевтің кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 188 депутаттың 129-ы Марат Сұлтанғазиевтің кандидатурасына, 59 депутат Батыржан Байжұмановқа дауыс берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

