Жаңалықтар тізбегі
0

Министр АЭС салуда Балқаш көлінің аумағы неғұрлым оңтайлы болып табылатынын айтты

АЭС, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2022 16:54 Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Энергетика министрі Болат Ақшолақов арнайы брифингте Алматы облысы Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көліне жақын жерден АЭС салу қаншалықты қауіпсіз екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның барлық өңірінде сейсмикалық қауіп бар. Бұл мәліметтер 2006 жылы алынған.

Тіпті, тауы жоқ өңірлерді алалық, мысалы Батыс Қазақстанда техногендік сейсмикалық қауіп бар, өйткені мұнда мұнай мен газ өндірісі жүріп жатыр, сондай-ақ ол арада тектоникалық плиталар бар. Олардың қозғалып кету мүмкіндігін ешкім жоққа шығара алмайды. АЭС-тың орналасу орнын таңдау кезінде климат, судың болуы ескеріледі. Осының барлығын қорытындылай келе, біз болашақта атом электр станциясын орналасуына Балқаш көлінің ауданы неғұрлым оңтайлы болып табылады деп есептедік. Болат Ақшолақов

Алдын ала ақпарат бойынша, Балқаштағы су атом реакторларын салқындату үшін пайдаланылатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: