Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелден келетін көліктерге SOS батырмасын орнату міндеті уақытша алып тасталды

Еуразиялық экономикалық кеңес, «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» регламент, Кедендік одақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 17:01 Сурет: wikimedia
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің 13-тармағының талаптарын тоқтата тұру ұсынысымен келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Қазақстанның жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін әкелетін көлік құралдарын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен/жүйелерімен («SOS батырмасы») жарақтандыру міндеттемесін 2023 жылғы 1 ақпанға дейін тоқтата тұру тұралы ұсынысты мақұлдады.

Бұл мәселені реттеу туралы ҚР Үкіметіне бірнеше рет өтініш айтылды. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын, 2021 жылғы желтоқсанда ЕЭК Кеңесі ЕАЭО аумағында дайындалған автокөлік құралдарын аталған жүйелермен жарақтандыру жөніндегі міндеттемені 2022 жылғы шілдеге дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұдан басқа, 2022 жылғы 15 сәуірде Кеңестің шешімімен кейінге қалдыру кезеңі 2023 жылғы ақпанға дейін ұзартылды және бұл жеңілдік шетелдік өндірушілердің ресми өкілдері ЕАЭО елдеріне әкелген автокөлік құралдарына да қолданыла бастады.

Қабылданған шешімдер микросхеманың жетіспеушілігімен байланысты.

Сонымен бірге Ресей Федерациясында бірнеше рет біржақты тәртіппен Қиыр Шығыс федералды округінің азаматтары Ресей үкіметінің қаулыларымен «батырма» орнатудан босатылды.

Алайда осы уақытқа дейін жеке тұлғалар әкелген автомобильдерді «SOS батырмасымен» жарақтандыру жөніндегі міндеттеме Қазақстан Республикасын қоса алғанда, қалған елдерде сақталды.

Іс жүзінде сәйкестік рәсімдерін бағалаудан өтуде осы «батырманы» орнатуға айтарлықтай шығынға ұшырайтын азаматтар мұндай талаптың болуынан қиындықтар көреді. Негізінде оны өндіру проблемаларын ескере отырып, сонымен қоса жеткізуші табу керек. Біз ЕЭК-ке жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін әкелетін машиналарды «батырма» бойынша міндеттемеден уақытша босату ұсынысымен жүгіндік.ҚР премьер-министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов

Сонымен қатар аталған автомобильдерге иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы тек осындай көлік құралдарына қатысты елдердің заңнамасы бойынша жүзеге асырылады деген шешім қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: