ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы Аида Құрманғалиева қызметінен босатылды
Сурет: primeminister.kz
Құрманғалиева 2021 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
Әр жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде жұмыс істеді.
2009-2013 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, «ҚазМедТех» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2013-2021 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2021 жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript