Азамат Бейісбеков ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.
2009-2011 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2011-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты.
2012-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.
2015-2020 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі.
2020 жылғы ақпаннан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.