40-тан астам компания мен 550 нысан мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр

қол алысу, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 11:22 Сурет: freepik
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында 40-тан астам компания мен 550 нысан мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекешелендірудің кешенді жоспарына 721 ұйым кіреді. Оның айтуынша, бүгінде бұл жоспардың орындалуы 40% болып отыр.

Премьер-министрдің сөзінше, жекешелендіруді одан әрі кеңейту мақсатында 180 нысанның қосымша тізімі жасалды. Сонымен қатар үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту тәсілдерін әзірледі.

Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның жұмысы аясында бүгінде 40-тан астам компания мен 550-ден астам мүліктік нысанның меншік құқығы республикалық меншікке қайтарылып жатыр. Жұмыс жалғасып жатыр.Әлихан Смайылов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: