Жаңалықтар тізбегі
0

Бизнеске қойылатын талаптар түсінікті әрі айқын болуы керек – Әлихан Смайылов

ҚР үкіметі, кәсіпкерлік, кәсіпкер Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау салаларын автоматтандыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен тығыз әрекеттестікте «Таза парақтан бастап»  реттеуді бизнеске артық әкімшілік жүктемені азайту және кәсіпкерлік қызметті жүргізуге неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау үшін енгізіп жатыр. Осы жұмыс аясында бүгінде реттеуші актілердің барлығы қайта қаралып жатыр, деп жазды үкіметтің ресми сайты.

Кеңеске қатысушылар жер қатынастары, ақпарат және байланыс, компьютерлік бағдарламалау, құбыржол көлігі қызметі, қаттау және тау-кен өнеркәсібі салаларында талдау жүргізу барысын талқылады.

ҚР үкіметі, кәсіпкерлік, «Таза парақтан бастап» реттеу

Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр мемлекеттік органдардың осы жұмысты жүргізу кезінде үйлестіруді күшейтуі қажеттігін атап өтіп, тиісті Жоспар-кестеге талдау жүргізілмеген салаларды енгізуді тапсырды.

Бұл Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі реформаларының және үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Бизнеске қойылатын талаптар түсінікті әрі айқын болуы керек. Бизнес тыныш жұмыс істеуі тиіс.ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру барысын қарастырды.

Мәселен, қазіргі уақытта ЦДИАӨМ салалық ақпарат жүйелерінің бар-жоғын тексеріп, 57 қызмет түріне талдау жасап, мемлекеттік бақылау салаларын реинжинирингтен өткізу бойынша ұйымдастыру-рәсімдік іс-шаралар кестесі әзірлеуде.

ҚР үкіметі, премьер-министр, кәсіпкерлік, кәсіпкер

Сурет: primeminister.kz

Үкімет басшысы автоматтандырудың арқасында тексерушілер тек елеулі бұзушылықтарға жол беретін кәсіпкерлік субъектілеріне ғана тексеріспен баруы қажет екенін айтты.

Бизнеске қойылатын негізсіз, қажетсіз, өзекті емес талаптарды қысқарту өте маңызды. Біз қазір жаңа жағдайда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан бизнесті тексеруге мораторий күшін жойған кезде мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі әділ және объективті болуы керек. Әлихан Смайылов

Премьер-министр егер бақылау автоматтандырылмаса, қандай да бір тиімділік туралы сөз қозғау орынсыз екенін атап өтті.

Осы мақсатқа қол жеткізу мемлекеттік органдарға – әрбір сектор бойынша әрбір министрге, әрбір вице-министрге тікелей байланысты. Қоғам өзгерісті сезінуі үшін бұл жұмысты адал атқару керек. Әйтпесе, мен кадр мәселесін қайта қарайтын боламын.Әлихан Смайылов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: