Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов қанттың ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеуді тапсырды

қант Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов қанттың барын айтып, тиісті министрліктерге қазірден бастап аймақтарда дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы қантпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. Қанттың қажет қоры бар. Дүрлігуге жол бермеу үшін қант бағасына қатысты түрлі манипуляциялардың алдын алып, алыпсатарлық әрекеттер мен қажетсіз делдалдарды анықтау қажет, - деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов бірінші кезекте қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты. Ол үшін егіс алқаптарын 11,5 мыңнан 38 мың гектарға дейін, яғни 3 есе арттыру жоспарланып отыр.

Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қант саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды толық көлемде орындауды тапсырды.

  • Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, қант зауыттарын жаңғырту және шикізат сатып алуға айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікпен кредит беру мәселесін пысықтау тапсырылды.

  • Одан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігіне Павлодар облысының әкімдігімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, өңірде қант қызылшасы өндірісінің көлемін кеңейту шараларын қабылдап, Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесін пысықтау тапсырылды.

  • Сауда және интеграция министрлігіне ішкі нарықты демпингтен қорғау үшін қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: