Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне төраға тағайындалды
ҚР энергетика министрінің бұйрығымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – делінген ҚР премьер-министрінің Баспасөз қызметі баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Білімі:
Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1996 жылы «Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған.
2001-2007 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында жұмыс істеді.
2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.
2010-2013 жылдары – «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті.
2013-2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры.
2014-2018 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2018-2020 жылдары – ҚР энергетика вице-министрі.
2020-2021 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2021 жылдың мамыр айынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.