Елорданың атын өзгерту кезінде қосымша қаражат талап етілмейді – Қаржы министрлігі
Ведомствода атап өткендей, мемлекеттік органдарға қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыру және дайын бұйымдарды ауыстыру үшін қажет болады. Сонымен қатар бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бұл шаралар мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат шегінде, қосымша ақша бөлусіз жүзеге асырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет емес.Қаржы министрлігі
13 қыркүйекте Қазақстанның елордасына Астана атауы қайтарылуы мүмкін екені белгілі болды. Бұл ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді.
2 қыркүйекте Парламент Мәжілісіндегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елорданың бұрынғы атауы – Астананы қайтаруды ұсынды.
2019 жылғы 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау кезінде көтерген еді.