Қазақстанда қант өндірісі 450 мың тоннаға дейін ұлғайтылады
Сурет: gov.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елімізде қантқа қатысты мәселелердің шешілгенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сауда министрлігінің басшысы ведомство отандық зауыттарға қант шикізатын сатып алуға қаржы тапқанын айтты. Қазір олар шикізатпен толық қамтамасыз етілгендіктен, өндіріс жылына кемінде 400-450 мың тоннаға дейін артады.
Бірақ кондитерлер талап ететін қанттың белгілі бір мөлшері бар, сондықтан біз қазір Ресеймен индикативті балансқа қол қойып жатырмыз. Ол жақтан 100-150 мың тонна аламыз. Серік Жұманғарин
Сондай-ақ 21 қыркүйекте Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның Салық кодексіне отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған жаңа түзетулерді таныстырды. Атап айтқанда, қант импорттаушыларын ҚҚС төлеуден босату ұсынылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript