Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ басшысы Синдзо Абэның жерлеу рәсіміне қатысу үшін Токиоға келіп жетті

Көңіл айту Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Токиоға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық делегация Жапония астанасына келгеннен кейін Мұхтар Тілеуберді Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимас Хаяшимен келіссөздер өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан көңіл айтқан министр Синдзо Абэның еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізгенін және биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Министрлер екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелерін, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі егжей-тегжейлі қаралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: