Қазақстан мобилизациядан қашқан азаматтарды Ресейге экстрадициялай ма
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21 қыркүйектен кейін кеткен азаматтарды Ресей билігіне экстрадициялау қарастырылып жатыр ма, жоқ па, соны айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марат Ахметжанов Қазақстан мен Ресей арасында құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды айырбастау және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша келісімшартты қатынастар бар екенін еске салды. Мұндағы ең маңызды қағида – Қазақстанда да, Ресейде де бұл қылмыстық жазаланатын әрекет болуы керек.
Әңгіме мобилизация туралы емес. Мен мобилизация туралы емес, тіркелген, санкцияланған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы және халықаралық іздеуге жарияланған қылмыскерлер туралы айтып тұрмын. Әскери комиссариаттар іздесе, бұл оларды экстрадициялауға заңды негіз болып табылмайды.Марат Ахметжанов
Министр экстрадициялау мәселесі қылмыстық заңнама аясында қарастырылатынын тағы да атап өтті.
Егер бұл Ресей тарапынан да, біздің тарапымыздан да қылмыстық құқық бұзушылық болса, экстрадиция Минск конвенциясының шеңберінде және біздің парламенттер бекіткен құқықтық көмек аясында жүзеге асырылады.Марат Ахметжанов
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанның мемлекеттік шекараны кесіп өту ережесін өзгертуге ниеті бар-жоғы туралы айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript