Отбасы банкке үкімет резервінен 50 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді

ҚР ұүкіметінің резерві, Отбасы банк, ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 13:19 Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін 2022 жылға арналған республикалық бюджетте "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беруге көзделген Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен 49 900 000 000 (қырық тоғыз миллиард тоғыз жүз миллион) теңге бөлінсін, – делінген құжатта.

Құжатта сондай-ақ жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқа да бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген 49,9 млрд теңге сомасындағы игерілмеген қаражат есебінен жүзеге асырылатыны жазылған.

Қаулы жобасы 26 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: