Министр КҚК-нің толық іске қосылу мерзімін атады
Сурет: primeminister.kz
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында Каспий құбыр консорциумын (КҚК) толық көлемде іске қосу мерзімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болат Ақшолақовтың айтуынша, бүгінде Каспий құбыр консорциумында үш байлау құрылғысының біреуі ғана жұмыс істейді.
Қашағандағы жөндеудің арқасында қазіргі көлем үшін бір КҚК байлау құрылғысының жұмыс істеуі жеткілікті. КҚК толыққанды түрде биыл қазан айында жұмыс істейді деп болжанып отыр.Энергетика министрі Болат Ақшолақов
11 қазанда Энергетика министрі Қашағанда мұнай өндіру көлемінің төмендеу себебін де айтты.
20 наурызда бес балдық дауыл кезінде Каспий құбыр консорциумының қашықтан байлау қондырғыларының жабдықтар кешені зақымданған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript