Ерлан Ақбаров ҚР ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы болды

ҚР ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 16:53 Сурет: primeminister.kz
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ерлан Есенәліұлы Ақбаров ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Есенәліұлы Ақбаров 1975 жылғы 25 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қарағанды техникалық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1998 жылы Жаңаөзен қаласындағы "ӨзенМұнайГаз" АҚ-да оператор болып бастады.

  • 2002-2005 жылдары "Қазбұргаз" АҚ-да инженер-геолог болып жұмыс істеді.

  • 2018 жылғы қаңтардан 2019 жылғы сәуірге дейін – "Алматы қаласындағы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" РММ басшысының орынбасары.

  • 2019 жылғы сәуірден бастап – "Алматы қаласындағы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" РММ басшысы.

  • 2020 жылғы маусымнан 2021 жылғы маусымға дейін – "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

  • 2021 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін жеке меншік секторда жұмыс істеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: