Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ипотекасы бар екенін айтты
Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ипотекалық несиесі бар екенін мойындады. Бұл туралы ол мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер вице-премьерден Қазақстан азаматы ретінде несиесі бар-жоғын сұрады.
Иә, біз де қарапайым халықпыз. Бұл банктік құпия, бірақ ипотека бар, - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев журналистерге.
28 маусым күні Ерұлан Жамаубаев өзінің жалақысы 1,5 миллион теңге екенін, қаржы министрі кезіндегі жалақысы шамамен 1,3 миллион теңге, қалғаны вице-премьердің қосымша төлемі екенін айтқан еді.
Бұл ретте ол 2025 жылға қарай барлық қазақстандықтың жыл сайынғы табысы туралы декларация тапсыратынын айтты. Декларацияны жеке тапсыруға дайынсыз ба деген сұраққа Жамаубаев "Мен дайынмын" деп жауап берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript