Қазақстанда министрлер қанша жалақы алады
Сурет: Zakon.kz
ҚР парламенті сенаты отырысында Қаржы министрі - Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.
"Бәрі еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. 500-600 мың теңге ең аз деп ойлаймын. Ең жоғарысы еңбек өтіліне байланысты және 1,5-1,7 миллион теңгеге жетеді".Ерұлан Жамаубаев
Премьер-министрден оның қанша жалақы алатыны да сұралды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов рұқсат берсе, келесі жолы соманы жариялайтынын айтты.
«Әлихан Асханұлы рұқсат етсе, айтамын... Дәл қазір нақты айта алмаймын». Ерұлан Жамаубаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript