Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда барлық жылу және электр станцияларына аудит жүргізу 2023 жылы аяқталады

ҚР премьер-министрі, электр желісі, жылу желісі, тариф, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 11:40 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылғы бірінші тоқсанда барлық жылу-электр стансаларының аудиті аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әлихан Смайылов қазір жылу энергетикасы бойынша жоба әзірленіп жатқанын айтты.

"2023 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі барлық жылу-электр стансалары мен электр желілеріне аудит аяқталады. Бұдан бөлек жылу желілеріне аудит жүргізіледі". Әлихан Смайылов

Сондай-ақ ол ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Әзірленіп жатқан "инвестициялар орнына тариф" электр және жылу желілері мен құбырлардың тозуын  20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Әлихан Смайылов

Ол үшін 130 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу, 3,8 триллион теңгеге дейін инвестиция тарту қажет.

Тиісті ережелер осы аптада бекітіледі.

12 желтоқсан күні Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: