Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі барлық балаға БЖЗҚ-да арнайы шот ашылады

Ұлттық қор, балалар шоты, Үлттық қордан балаларға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 11:05 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында арнайы жинақ шоты ашылады. Бұл жөнінде 14 желтоқсанда үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Вице-министр "Балаларға арналған ұлттық қор" бастамасы 2024 жылы басталатынын айтты.

"18 жасқа дейінгі барлық баланың жеке жинақ шотты болады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шоттардың операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады". Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов

Оның айтуынша, жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толғанда ғана пайдалануға беріледі.

Бұған қатысты заңнамалық өзгерістер 2023 жылы қабылданады деп жоспарланған.

12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетіне Ұлттық қордан түсетін трансферттерге созылмалы тәуелділіктен арылуды тапсырды.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға дейін өсуі керек. Сондықтан, одан аз жұмсап, көп табыс табу керек.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: