Астана қаласында екі күндік Qogam Fest жастар жобасы басталды
Жобаны салтанатты ашылуында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сөз сөйледі.
Сурет: Qogam Fest
Министр: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек" дегені белгілі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуына, әлеуеті мен мүмкіндіктерін шыңдауға қолдау көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда жастар арасында түрлі әлеуметтік-мәдени топтар қалыптасқан. Субмәдениет этникалық топтарға бөлінбейді, керісінше талант, стиль және жалпы өмір салты бірінші орынға шығады.
Елімізде қалыптасқан бірлік пен келісім негіздері жастар үшін бірыңғай мәдени кеңістікті қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді.
Сурет: Qogam Fest
Қатысушылар екі күн ішінде барлық ұсынылған пәндер бойынша мамандандырылған алаңдарда жарысады, сондай-ақ, өз дағдыларын дамытып, кәсіби тәжірибелерін айтып береді.
Сурет: Qogam Fest
18 желтоқсан күні сағат 19.00-де жеңімпаздарды марапаттау және фестивальдің жабылу салтанаты өтеді.