Жаңалықтар тізбегі
0

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

 Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына Рахымжан Исақұлов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рахымжан Исақұлов еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің референті болып бастаған.

  • 2012 жылғы ақпан айынан бастап 2018 жылдың тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің консультанты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультанты, инспекторы; Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.
  • 2018 жылғы тамыздан бастап 2020 жылғы маусым аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды.
  • 2020 жылғы маусымнан бастап 2020 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болған.
  • 2020 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы әкімінің аппаратының басшысы лауазымын атқарды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз