Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде әуекомпаниялар жолаушыларға рейс кестесі өзгергені жөнінде дер кезінде хабарлауға міндеттеледі

ҚР ИИДМ, рейс, әуекомпаниялар, жолаушы құқығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 13:06 Сурет: Zakon.kz
Енді авиакомпаниялар жолаушыларды рейстегі өзгерістер туралы ұялы телефон нөмірі мен электронды пошта арқылы дер кезінде хабардар етуге міндетті болады. Бұл жөнінде 10 қаңтарда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуекомпаниялар рейстің өзгеру себептері және рейстің өзгерген уақыты туралы немесе жаңа маршрут туралы мәліметтерді, сондай-ақ рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты авиакомпаниялар ұсынатын қызметтер тізбесін ұсынуы керек.

Жолаушылардың құқығын қорғауды күшейту мақсатында жолаушыны межелі пунктке уақтылы жеткізбегені үшін жіберілген әр сағат үшін тариф (мерзімі өткен ұшу учаскесінің тарифі) құнының 3% мөлшерінде тасымалдаушы компанияларға айыппұл салу қарастырылған.

Сондай-ақ компанияларға "жолаушылардың қара тізімін" жасауға рұқсат етіледі. Яғни, әуе көлігі арқылы жүруге шектеу қойылған адамдардың тізімі жасалмақ. Демек осы тізімге енгізілген жолаушы рейске жіберілмейді.

Бұған қоса жолаушы әуе кемесінің бортында құқық бұзушылық жасаған жағдайда тиісті заңға сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген кезде немесе осы бұзушылығы үшін айыптау үкімі негізінде бір жыл мерзімге дейін аталған тізімге енгізілуі мүмкін.


"Тұтастай алғанда, енгізілетін өзгерістер авиация қызметінде мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттырып, азаматтық авиация субъектілері үшін кейбір аспектілерді нақтылап, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге жол ашады".ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: