Жаңалықтар тізбегі
0

Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау қажет - Смайылов

Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау қажет - Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 10:41 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болғанын мәлімдеді. Бұл – жоспардың 94%-ы. Министрдің айтуынша, қазір инвесторлар сыртқы экономикалық жағдайды бақылап, аңысын аңдап отырғанына қарамастан, инвестициялық белсенділік біртіндеп қалпына келіп жатыр. Бұл ретте республиканың шикізаттық емес секторына салынған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өсіп келеді.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік преференциялар алу үшін органдардың өтінімдерін келісу мерзімін қысқарту және мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту ұсынылды.

Премьер-министр бұл тәсілдерді қолдап, артықшылықтар берілетін қызметтердің басым бағыттарының тізбесін мұқият пысықтап, жаңа ережелерді бекіту кезінде барлық өңірлік ерекшелікті ескеру қажет екенін айтты.

Сонымен қатар отырыста Инвестициялар туралы келісім бекіту тетігін жетілдіру, өңірлердің инвестициялық рейтингін енгізу және қолданыстағы заңдар мен кодекстерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік беретін инвесторлар үшін арнайы НҚА әзірлеу мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министр республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде қосымша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте үкімет басшысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету, яғни құқық қорғау және бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысымды төмендету жөніндегі шараларға баса назар аудару қажет екенін атап өтті.


"Бизнеске қатысты қылмыстық істерді қозғауға түрткі болатын негізсіз себептерді алып тастау үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау қажет. Әділет министрлігіне тиісті тапсырма берілді, бұл жұмысты күшейтіп, аталған мәселені жан-жақты қарастыру керек. Кәсіпкерлер тап болып отырған шынайы проблемаларға тереңірек үңіліп, жылдам әрі нақты нәтиже беретін тиімді шараларды әзірлеу керек".Әлихан Смайылов

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: